қазақша · русский · english
 
 
 
23.11.2020

«Менің идеалым-Абайдың толық адамы» онлайн-кеші

 

2020 жылдың 20 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы бойынша «Менің идеалым-Абайдың толық адамы» тақырыбында онлайн-кеш өткізілді.


Танымдық кешке әл-Фараби атындағы «Абайтану орталығының» бас маманы, профессор Дандай Ысқақұлы, Тараз өңірлік университетінің «Дулатитану орталығының» директоры, профессор Сәмен Құлбарақ, Шоқан Уәлиханов атындағы № 12 гимназияның директоры Жанат Бекжанова және студенттер мен оқушылар, кафедра оқытушылары қатысты. Ашық әңгіме болды, Абай мұрат еткен толық адамның бейнесі өмірмен байланыстырыла талданды. Студенттер мен гимназия оқушыларының ойлау деңгейі, пайымы, талдау, тұжырымдары жиналғандарды тәнті етті. Ертеңін елестете алатын, ұлылардың сөзін ескеріп, өмірлік ұстанымына айналдыратын жастар өсіп келе жатқанына риза болдық. Әсіресе, № 12 гимназияның 1-сынып оқушысы Зейін Баяндының Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін мүдірмей жатқа оқуы қайран қалдырды.

 

   

 

   




Кері оралу