қазақша · русский · english
 
 
 
26.10.2021

Діни экстремизм мен терроризм - жаһандық мәселе, үлкен қауіп

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Филология және көптілді білім беру институтының академик С.Кирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 2021 жылдың 25 қазанында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында 1-4 курстың 250-ден астам студенттері мен эдвайзерлердің қатысуымен онлайн-вебинар өткізді.


Вебинар барысында Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Симтиков Жомарт «Жастардың террористік ұйымдарға әуестігі», ​​Филология және көптілді білім беру институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қасенов Ерлан «Экстремизм мен терроризм негіздері», академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Ильясова Нағима «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу», доцент Молдасанов Ерсайын «Қазақстандағы тыйым салынған діни ұйымдар» тақырыбында баяндамаларын ұсынып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, «Терроризм тұзағы» тақырыбында деректі фильм көрсетілді. Вебинарға қатысушылардың сұрақтарына саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Симтиков Жомарт жауап берді.

 

   

 

   

 




Кері оралу