қазақша · русский · english
 
 
 
19.03.2021

Түлектердің кәсіби біліктілігін арттыру

 

2021 жылдың 18 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлектеріне арналған «Жаңартылған білім беру құрылымы аясында қашықтықтан оқыту әдістемесі» біліктілікті арттыру курсы аясында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары өзекті тақырыптарға дәрістер оқыды.

 

Түлектер «Жаңартылған білім құрамы контекстіндегі орыс тілінің мектеп курсы» (профессор Гүлмира Қажығалиева), «Филологиялық құзыреттілікті қалыптастырудағы цифрлық технологиялардың рөлі» (доцент Мәдина Абаева), «Сыныптық және сыныптан тыс оқу арқылы оқырман құзыреттілігін қалыптастыру» (аға оқытушы Мехирнис Хавайдарова) тақырыптары бойынша терең білім алды.

 

Баяндамалар аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды. Тыңдаушылар болашақ мұғалімдердің кәсіби қызметінде қолданылатын пайдалы ақпарат пен практикалық тәжірибе үшін алғыс айтты.

 

Филология және көптілді білім беру институты басшылығының ұйымдастыруымен өткен курс біздің университетіміздің - Қазақстан мұғалімдерін даярлау флагманы ретінде педагог кадрларын даярлау сапасын арттырудағы тағы бір қадам.

 

   

 




Кері оралу