қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2022

Педагогикалық іс-тәжірибе ашылу конференциясы


Филология институты Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының 2021-2022 оқу жылында өтетін «5В011900-Шетел тілі:екі шет тілі» мамандығының оқу жоспарына сәйкес 4-ші курс (4 жыл) екінші шетел тілі (араб, қытай, түрік, француз,неміс), «6В01703-Шетел тілі:екі шет тілі» 3-ші курс (3 жыл) екінші шетел тілі (түрік, неміс) бойынша педагогикалық мамандықтарының білім алушылары 2022 жыл 11 сәуір мен 07 мамыр аралығында (университет академиялық күнтізбесіне сәйкес) мемлекеттік педагогикалық іс-тәжірибеден өту үшін Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы - Ректор бұйрығы бойынша Алматы қаласындағы Aisaf-Almaty гимназиясы, №113 мектеп-гимназиясы, Шетел тілдер педагогикалық колледжі,Алматы қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжіне жіберілді.


Іс-тәжірибе ашылу конференциясы ZOOM платформасында онлайн 2022 жылы 9 сәуірде өтті. Конференциясға кафедра меңгерушісі Абдрахманова К.Х., кафедра бойынша іс-тәжірибеге жауапты аға оқытушы Алмабекова А.М., әдіскер-оқытушылар - профессор Жумабекова А.К., аға оқытушылар Тоқтарбек С., Ибрагимова К.К., Қансейтова Э.Ж., Сәтбай Г.Қ. , Оразова Р.К., Раева А.Н., Ашимова Д.М., Қонқабаева Н.Н., оқытушы Коспаганбетова Н.Х., Aisaf-Almaty гимназиясы директорының оқу ісі бойынша орынбасары Жакенова А.Б. және іс-тәжірибеге жіберілетін студенттер қатысты. Конференция барысында практика ережелері түсіндірілді, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.

 

   




Кері оралу