қазақша · русский · english
 
 
 
23.11.2020

Александр Блоктың мұражай-пәтеріне онлайн-экскурсия

 

2020 жылдың 20 қарашасында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының шақыруымен «Филология» мамандығының студенттері мен № 165 мамандандырылған лицейдің жоғары сынып оқушылары ақын Александр Блоктың Санкт-Петербургтегі (Ресей) мұражай-пәтерінде арнайы ұйымдастырылған онлайн-экскурсияда болды.

 

Экскурсия жетекшісі Ирина Аполлонова өз қонақтарын А.Блоктың үстелі сақталған пәтер бөлмелерінде көрсетті, онда оның әйелі мен музасы - Любовь Дмитриевна Менделееваның портреті ілулі тұрды. Біз пәтердің терезесінен "арнаның мұзды толқыны" көрінісін тамашалап, ақынның бай кітапханасына таң қалдық.

 

Экскурсияға қатысушылар мұражай қызметкерлеріне ақын өмір сүрген және жасаған жағдайды өз көздерімен көруге мүмкіндік бергені үшін ризашылықтарын білдірді. Енді отандық жастарына белгілі орыс ақыны Александр Блок тұлға ретінде және оның поэзиясы бізге қымбат әрі жақын болды.

 

 

   

 

   




Кері оралу