қазақша · русский · english
 
 
 
24.01.2022

Қысқы мектеп сабақтарында біліктілікті арттыру

 

2022 жылдың 20 және 21 қаңтарда Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Педагогикалық білім беруді жаңғырту» тақырыбында Қысқы мектеп сабақтары өтті. Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары спикерлердің баяндамаларымен үлкен қызығушылықпен танысты. Іс-шара барысында оқытушылар көтерілген тақырыптарды талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.

 

Талқыланған барлық тақырыптар университет оқытушылары үшін өзекті болды. Дәрістерде ұсынылған заманауи білім беру мәселелерін ұсыну Қысқы мектеп қатысушыларына теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар күнделікті жұмысында практикалық қолдану үшін материал ретінде де пайдалы болды.

 

Тыңдаушылар Қысқы мектеп ұйымдастырушыларына және алған маңызды тәжірибелері мен жаңа білімдері үшін қатысушыларға шын жүректен алғыс білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу