қазақша · русский · english
 
 
 
30.09.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған

«Қазақ тілім - Отан, шет тілі - әлем» жоғары оқу орындары арасындағы қалалық олимпиада

 

2021 жылдың 28 қыркүйекте Филология және көптілді білім беру институты 1 курстың «Орыс тілінде оқытпайтын орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы» мамандығы бойынша 104 тобы студенттерінің командасы Молдажанова Гульчехра, Мамышева Ғалия және Күлдіманас Бағлан (эдвайзері - аға оқытушы З.Қ. Көкенова) Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған «Қазақ тілі - Отан, шет тілі - әлем» тақырыбындағы жоғары оқу орындары арасындағы қалалық олимпиадаға қатысты.

 

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ тілдік пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен өткен шараға «ЭНЕРГО» - Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ, «ЭЛИТА» - Абай атындағы ҚазҰПУ, «ЖАСТАР» - С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «САКУРА» - ҚРМУ, «GREEN MARKERS» - ХАТУ, «ИНТЕРНАЦИОНАЛ» - Қазақ ұлттық консерваториясы, «ДАНА АРУЛАР» - ҚазМҚПУ, «ДАРЫНДАР» - ҚазҰАУ және т.б. командалары қатысты.

 

Іс-шараны өткізу мақсаты - білім алушылардың тіл туралы білімін жандандыру және кеңейту, тілге деген қызығушылықты, студенттер арасындағы достық пен өзара түсіністікті дәріптеу.

 

Нәтижесінде 12 команданың ішінен біздің «Элита» командасы құрметті 3-орынды иеленді, музыкалдығымен ерекшеленген Қазақ ұлттық консерваториясының командасы 1-ші орынды және қонақтарды қарсы алған және олимпиаданың ұйымдастырушылары болған С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ командасына 2-ші орынды жеңіп алды.

 

Жеңімпаз командалар дипломдармен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Іс-шара жоғары әдістемелік деңгейде өтті және студенттер үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие болды.

 

   




Кері оралу