қазақша · русский · english
 
 
 
08.09.2021

Орыс тілі және әдебиеті кафедрасы профессорларының актілік дәрістері

 

2021 жылдың 7-10 қыркүйек аралығында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессорлары бірінші курс студенттеріне екі сағаттық дәріс оқиды. Кафедраның жетекші ғалымдарының кешегі талапкерлермен осындай академиялық кездесулері студенттерге болашақ мамандықтарымен танысуға, филология ғылымдарының ерекшеліктерін ашуға және өздерінің мүмкіндіктері мен перспективаларын бағалауға мүмкіндік береді.

 

Оқытушылардың бірінші курс студенттерімен диалогында болашақ әдебиетшілерді қызықтыратын педагогикалық және гуманитарлық мәселелер нақтыланады. Осы кәсіби әңгіме деңгейіне қарап, кафедраны лайықты жас ауысыммен құттықтауға болады.

 

   

 

   

 




Кері оралу