қазақша · русский · english
 
 
 
12.05.2020

Ауған соғысының ардагерімен кездесу


2020 жылы 9 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру инcтитуты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 1 курс 103 топ студеттері «Ер - елінің қорғаны» тақырыбында университтетіміздің ұстазы, ауған соғысының ардагері Саят Естаевпен онлайн-кездесу өткізді.


Іс-шараға 100-ден астам қонақ қатысты. Кездесу барысында студенттер Саят Естаевқа ел, тіл, Отан және әр азаматтың Отан алдындағы міндеттері туралы сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.


Саят Рысбекұлы (1982-1984 жылдары Ауған мемлекетінде әскери борышын өтеге) өзі және осы соғысқа қатысқан көптеген қазақстандықтар туралы айтып, «Ауғанстан - жүректегі жара» тақырыбында баяндама жасады.

 

 




Кері оралу