қазақша · русский · english
 
 
 
18.03.2021

Мектеппен байланыс - кезек күттірмес уақыт талабы

 

Шетел тілдері кафедрасының мамандары арасында тәжірибелік байланыс орнату, кәсіби және мәдени іс-әрекеттерді қолдау арқылы өзара түсіністік пен білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қызылорда облысы Арал қаласы Ұзақбай Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясымен екіжақты келісімге онлайн режимінде байланыс жасалынды.

 

Келісімнің мәні - шетел тілінің әдебиетін, дәстүрін, тарихын таныстыруға арналған және ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық тудыратын өзара бағдарламалар жасауда болып отыр.

 

Шетел тілі мұғалімдері арасында ғылыми-әдістемелік байланыс орнату мақсатындағы қарым-қатынас алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

 

   

 




Кері оралу