қазақша · русский · english
 
 
 
20.02.2023

Түлек - 2023


2023 жылдың 20 ақпанында Филология институты Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Нурекешова Г.Р., Султанкулова Ш.У., Таженова А.С. және Рахимжанова С.К. Алматы қаласындағы М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясына «Түлек - 2023» атты айдармен кәсіби бағдар беру жұмыстарын офлайн форматында жүргізіп қайтты.

 

Аталмыш мектептің түлектеріне университетіміздің, Шетел тілдері кафедрасының мамандықтары туралы толық мағлұмат берілді, бейнеролик көрсетіліп, толыққанды акпараттар таратылды.

 

Мектеп түлектерін әсіресе университетіміздің әлемдік нарықтағы орны және көптеген шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыстары туралы мәліметтер қызықтырды. Мектеп түлектері болашақ мамандықтары бойынша көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды. Сонымен қатар, қызығушылық тудырған шетел тілдері бойынша сауалдар, жалпы әлеуметтік жеңілдіктер сияқты қойылған сұрақтарға аға оқытушылар толыққанды жауап беріп, түлектердің таңдауы өзіміздің университетте болуына шақырды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу