қазақша · русский · english
 
 
 
27.02.2019

3 курс студенттерінің педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференция


2019 ж. 25- ақпанда «Орыс тілі және әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша білім алушы 3 курс студенттерінің педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы өтті. Конференцияда орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор С.Ж. Әбішева, педпрактика басшысы, профессор Г.А. Қажығалиева, методистер доцент З.А. Өмірзақова мен PhD докторы А.А.Жүндібаева сөз сөйледі.


Студенттер өз есептерін практика барысында алған әсерден туындаған «Педагогикалық практика естеліктері» саяхат-экскурс шолу-видеофилмі, оқушылар жұмысының шолуы, қызықты инсценировка, өздерінің алғашқы педагогикалық практикасынан алған әсерімен бөліскен баяндама «лавстрой» видеофильмі (бұл кейін анықталғандай, педагог мамадығына деген махаббат, құрмет!) түрінде көрсетті.


Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор С.Ж. Әбішева студенттерді практиканың аяқталуымен құттықтап, педагогикалық практика студенттердің ұстаз мамандығына жеткілікті дайындығының бірден-бір ұтымды жолы, тек практика кезінде ғана студент мамандықты дұрыс таңдағандығын түсінеді деді. 

 

   

 

  




Кері оралу