қазақша · русский · english
 
 
 
14.12.2022

«Мұхтар Шахановтың поэзия әлемі» поэтикалық кеш өтті


2022 жылғы 9 желтоқсанда «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасында РКО және РЯЛ 1-2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен қазақ халық ақыны, драматург, публицист және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына арналған «Мұхтар Шахановтың поэзия әлемі» поэтикалық кеш өтті. Кештің әдемі өтуіне кафедра оқытушылары Ф.М.Ержанова мен А.Б.Иргебаева мұрындық болды.


Іс-шараның мақсаты - М.Шаханов пен кеңестік кезеңнің 60-шы жылдарындағы ақындардың шығармашылық мұрасын түсіну арқылы студенттерді рухани құндылықтармен таныстыру; олардың ұлттық және әлемдік көркемдік дәстүрге қатысуға деген ұмтылысы мен жалпыадамзаттық және адамгершілік-рухани құндылықтарын нығайту.


Шараның ақпараттық бөлімінде М.Шахановтың шығармашылығы туралы бейнефильм, Ш.Айтматов пен М.Шахановтың шығармашылық байланысы туралы материал, тіл мәселесі, Аралдың проблемасы, желтоқсан оқиғалары туралы презентация көрсетілді.


Практикалық бөлімде студенттер әдеби викторина өткізіп, ақынның шығармаларын оқыды, ән салды және «Отырар поэмасынан» Шыңғыс хан мен Каир ханның диалогының қойылымын көрсетті.

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу