қазақша · русский · english
 
 
 
20.04.2022

М. Әуезовтің Мұражай-үйіне саяхат

 

2022 жылы біз қазақтың көрнекті жазушысы, драматург және ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 125 жыл толуын атап өтеміз.

 

2022 жылдың 19 сәуірінде Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының эдвайзерлері Бибіжан Әбуова мен Бақыт Смағұлова өздерінің бірінші курс топтарымен Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйіне барды.

 

Мұражай 10 экспозициялық залдан тұрады. Іс-шара барысында мұражайдың ғылыми қызметкерлері жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған экспозициялар бойынша шолу экскурсиясын өткізді.

 

Мұражайға келудің басты мақсаты студенттердің Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен шығармашылығына деген қызығушылығын ояту және жас ұрпақты отансүйгіштікке және өз еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болды.

 

Балаларға әсіресе қазақ жазушысының жайлы үйі, оның жеке үлкен кітапханасы мен жеміс бағы ұнады. Студенттер М. Әуезов мұражайында болып, көптеген жаңа мәліметтермен танысып, қызықты әсер алды.

 

   

 

   




Кері оралу