қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2021

«Дұрыс мамандықты таңдау - табысты болашақтың кепілі»  мектеп бітіруші түлектерге арналған кәсіби бағдар беру жұмысы

 

2021 жылдың 26 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Мысекеева А.Б, Кулекенова Ж. Г. және Уалиханұлы А. Қарасай ауданы, Тұрар ауылы, А. Байсалбаев атындағы орта мектепке барды. Оқытушылар аталған мектептің оқытушылары мен бітіруші сыныптары арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, оқытушылар А.Байсалбаев атындағы мектеп директоры Серік Асем Аңсағанқызына жолығып, білім беру саласындағы кейбір мәселелерді талқылады. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу барысында оқытушылар бүгінгі таңда педагог мамандығы ең өзекті мамандық болып табылатынын атап өтті, өйткені бұл мамандық жасөспірімдер арасында сұранысқа ие. Кәсіптік бағдар беру жұмысы кезінде түрлі видеороликтер, университеттің білім беру бағдарламалары туралы және жалпы университет туралы презентациялар көрсетілді. Мектеп оқушыларымен кездесу бітіруші түлектерді болашақ мамандығын дұрыс таңдауға шақыруымен аяқталды.

 




Кері оралу