қазақша · русский · english
 
 
 
18.02.2021

Мұқағали Мақатаевтың поэзия кеші

 

2021 жылдың 17 ақпанында Филология және көптілді білім беру институтына қарасты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева ақын М. Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы және қоғамның рухани жаңғыруы» кешінде сөз сөйледі. Кездесуді Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шет тілдер кафедрасы ұйымдастырды.

 

Профессор С.Әбішева - «М. Мақатаевтың поэтикалық әлемі» кітабының авторы, сондықтан оның сөйлеген сөзі эмоционалды ғана емес, сонымен бірге терең тұжырымдалған «ақын туралы ойбөлісуі» болды. Кештің барлық қатысушылары М.Мақатаевтың поэзиясына деген сүйіспеншілігі мен ол кісінің ерекше тұлға екендігі жайлы пікір алмасты.

 

Академия студенттері ақынның шығармашылық өмірбаяны туралы айтып, оның шығармаларынан үзінділер оқып, өлеңдеріне ән шырқады. Оқырмандардың жас буыны көрнекті қазақ ақынының лирикасын мұқият түсіну эстафетасын қабылдағаны қуантады.

 

   

 

   




Кері оралу