қазақша · русский · english
 
 
 
13.12.2021

Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушылары -
педагогикалық форумның қатысушылары

 

2021 жылдың 10 және 11 желтоқсанында «Шекарасыз орыс тілі: орыс мәдениетін шетелде жылжытудың білім беру модельдері» халықаралық педагогикалық форумы өтті.


Оның өтетін орны үш оффлайн-алаң болды: екеуі Қазақстанда (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және «Тұран» университеті) және біреуі Ресейде - Н.И. Лобачевский атындағы Нижегород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті.


Алматы және Нижний Новгород залдарында отырған тыңдаушыларға форумның 120-дан астам қашықтық қатысушылары қосылды.


Пленарлық отырыста орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Әбішева «Қазіргі әлеуметтік-мәдени кеңістікті қалыптастырудағы орыс тілі» тақырыбында баяндама жасады. Конференцияның секциялық отырыстарында кафедра оқытушылары: Гүлнұр Байшукурова, Гүлмира Қажығалиева, Мехирнис Хавайдарова, Марина Асылбекова, Бақытгүл Жұмағұлова, Ақерке Іргебаева, Феруза Ержанова және Мәдина Абаева сөз сөйледі.


Форумда «Жоғары Экономика мектебі» ғылыми-зерттеу университетінің визит-профессоры (Мәскеу, Ресей) Екатерина Власова баяндама жасады.


Форум аясында өткен ғылыми-әдістемелік конференцияға, пікірталас алаңына, дөңгелек үстелдерге қатысушылар білім беру саласындағы қазіргі заманның маңызды сын-қатерлерін және ең алдымен ашық білім беру жағдайында орыс тілін оқытудағы өзекті педагогикалық технологияларды талқылады.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу