қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2021

Республикалық пәндік олимпиада

 

2021 жылы 13 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Шетел филологиясы: шығыс/батыс топтары және «Шет тілі: екі шет тілі» мамандықтары бойынша 2-ші республикалық пәндік олимпиада болды, жүлделі орынға ие болған студенттер марапатталды.

 

Олимпиадада Филология және көптілді білім беру институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының «5B011900 - Шет тілі: екі шет тілі»: түрік, қытай, неміс тілі және «6В02300 - Шетел филологиясы: ағылшын тілі» мамандығының 3-4 курс студенттері қатысты. Олимпиадаға қатысушы студенттер жүлделі орындарға ие болды:

1 орын - түрік тілі секциясы бойынша: Абдусаттарова Углай - 3 курс;

3 орын - қытай тілі секциясы бойынша: Красавина Диана - 4 курс;

3 орын - неміс тілі секциясы бойынша: Артем Носко - 4 курс;

3 орын - ағылшын тілі секциясы бойынша: Миталипова Айлина - 3 курс.

 

Сонымен қатар кафедрамыз тағы бір маңызды сайыста жүлделі орын иеленді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған студенттер мен ғалымдар арасындағы «Фараби әлемі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференцияда ЖОО дейінгі дайындық білім алу факультетінен кафедрамыздың студенті Зарина Эшбулатова «ағылшын секциясы» бойынша жүлделі бірінші орынға ие болып, арнайы дипломмен марапатталды.

 

     




Кері оралу