қазақша · русский · english
 
 
 
30.01.2023

Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы докторанттардың ғылыми семинарын өткізді

 

2023 жылдың 27 қаңтарында Филология институты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы докторанттардың ғылыми семинарын өткізді. Семинарды кафедра меңгерушісі Н.Ә.Ильясова жүргізді. Ғылыми семинарда «8D01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс докторанты Аида Жапарова, «8D02314-Лингвистика» мамандығының 2 курс докторанты Бағдагүл Сейітова баяндама жасады.


Семинар соңында ғылыми семинар қатысушылары сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді. Кафедра меңгерушісі Н.Ә.Ильясова докторанттардың алдағы жұмысына сәттілік тілеп, әр жұма сайын докторанттарға арналған ғылыми семинар жалғасын табатынын айтты.

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу