қазақша · русский · english
 
 
 
11.05.2018

Шетелдегі тағылымдамалар

 

Ф.ғ.д., профессор, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сауле Әбішева «2017 жылы ЖОО-ның үздік оқытушысы» гранты бойынша 3 сәуір мен 10 мамыр 2018 аралығында жақын (Ресей) мен алыс (Италия) шетелде тағылымдамалардан өтті.

 

Тіл білімі мектебінің жетекшісі профессор Екатерина Рахилинаның шақыруымен Сәуле Әбішева ҰЗУ Жоғары экономика мектебінде (Мәскеу) екі апталық тағылымдамадан өтті. Ол екі халықаралық конференцияларға қатысты. 10-11 сәуірде Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінде өткен «Тақырыпаты құбылысы» конференциясында «Д. Самойловтың поэтикалық атауларының типологиясы» тақырыбында баяндама жасады. 12-14 сәуір аралығында Жоғары экономика мектебінде өткен «Көптілді әлемдегі орыс тілі» конференциясының тындаушысы болып, секциясының модераторы ретінде сөз сөйледі. Ол тіл білімі мектебі мен филология мектебініңжетекші профессорларының дәріс және семинарларларына қатысты. Сәуле Әбішева 17 сәуірде В.В. Виноградов атындағы орыс тілі институтында РҒА лингвистика корпусы мен лингвистикалық поэтика кафедрасының ғалымдарымен Наталья Фатеева, Лариса Шестакова, Зоя Петрова, Анна Гикпен кездесіп, әңгіме барысында ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтетін «Поэтика және өлеңтану VIII» халықаралық конференциясына шақырды. Сонымен қатар, қазақстандық ғалым Жоғары экономика мектебінің халықаралық қатынастар мәселесі бойынша проректорымен Иван Простаковпен және танымал мәскеулік ғалымдармен Олег Федотов, Антонина Шелемовамен кездесті.

 

Тағылымдама барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің орыс тілі және әдебиеті кафедрасы мен ҰЗУ ЖЭМ Тіл білімі мектебінің арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

 

Профессор Евгений Казарцевтің шақыруымен Сәуле Әбішева Модена университетінің (Италия) апталық ғылыми тәжірибеден өтті. 26 сәуірде «Қазақстандағы орыс тілі мен әдебиеті» тақырыбында дәріс оқып, орыс тілі бағдарламалары бойынша семинарлар мен талқылауларына қатысты. Сол университеттің халықаралық қатынастар жөніндегі вице-ректорымен Сержио Феррари мырзамен кездесу барысында Абай атныдағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Модена университеті арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқыланды.

 

Сәуле Әбішева Поморск академиясының Слупск қаласында (Польша) онлайн оқытуды жүзеге асырды. Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Даниту Герчынски ханыммен орыс тілі мен әдебиеті екі-дипломдық бағдарлама жайлы дамыту бағдарламасы талқыланды, екі-дипломды бағдарламамен оқып жатқан қазақстандық студенттер мен магистранттармен онлайн кеңес жүргізілді.

 

         

 

           

 

         




Кері оралу