қазақша · русский · english
 
 
 
02.10.2018

Докторанттарға арналған ғылыми семинар

 

2018 жылдың 1 қазанында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында докторанттарға арналған жаңа оқу жылының алғашқы семинары өтті. Семинардың жетекшісі - п.ғ.д., проф. Дамина Шайбакова бірінші кездесуді докторлық диссертацияларды жазуға және дайындауға қойылатын талаптармен таныстыруға арнады. Диссертация тақырыбын таңдау, зерттеу әдісі мен әдістемесі, жұмыстың құрылымы талқыланды. Нақты үлгілер негізінде жұмыстың мақсаттарын, зерттеу тақырыбын анықтау мен тұжырымдау қателері талқыланды. Академиялық адалдық пен ақпарат көздерімен жұмыс жасау, эксперимент жүргізу әдістемесіне айрықша назар аударылды.


Семинар жұмысында «Орыс тілі мен әдебиеті», «Лингвистика», «Әдебиеттану» мамандықтары бойынша 1-2 курс докторанттары қатысты.

 

   




Кері оралу