қазақша · русский · english
 
 
 
13.03.2023

«English language month»​ байқауының қорытындысы

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты​ шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «6В01703 - Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенттері үшін «English language month» 4 кезеңдік байқау аяқталды. ​ Байқау Oxford University Press баспасының қолдауымен InterPress Distribution өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылған.

Бұл байқаудың жеке кезеңдері 1 курс студенттерінің ағылшын тілінде тыңдау, оқу және жазу дағдыларын, сонымен қатар көпшілік алдында сөйлеуге дайындығын тексеруге бағытталды. Үш жеке кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:​ 1 орын - Кахирманова Амина (114 топ);​ 2 орын - Мухамбеткалиева Валерия (113 топ);​ 3 орын - Бижанова Аружан (106 топ).

Байқаудың ұжымдық кезеңі - сахналау - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашып, актерлік және вокалдық қабілеттерін көрсете білді. Шығармашылық турдың жеңімпаздары:​ 1 орын - «Золушка» ертегісі бойынша топтық көрініс (106 топ);​ 2 орын - «Еңбекқор кондитер»топтық көрініс​ (106 топ);​ 3 орын - «Қызыл телпек» және «Алдар көсе» ертегілері бойынша топтық көрініс (114 топ).

Осы байқаудың барлық қатысушылары осы іс-шараның демеушілері - Oxford University Press қолдауымен InterPress Distribution өкілдерінің естелік сыйлықтарымен марапатталды. Студенттер Oxford University Press кітаптары мен оқу құралдарының, фирмалық күнтізбелер мен блокноттардың иегері болды, сонымен қатар оларға InterPress Distribution филиалдарында оқу материалдарын сатып алуға 10 және 15% көлемінде ай сайынғы жеңілдіктер берілді.

 

Осы байқаудың демеушілеріне, Oxford University Press қолдауымен InterPress Distribution өкілдеріне және шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары К.С. Дегтярева мен С.Е Есенамаға алғысымызды білдіреміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу