қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2018

11 сынып оқушылары арасындағы «Абай сыйы» республикалық олимпиадасы және Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы Ашық есік күні

 

2018 жылдың 7 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының 11 сынып оқушылары арасындағы «Абай сыйы» республикалық олимпиадасы және Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы Ашық есік күні өтті.

 

Университеттің кәсіби бағдар жұмысының және біздің кафедрамыздың негізгі мақсаты - орта мектеп, гимназия, лицей, колледждердің түлектеріне кәсіби бағдар беру және жоғары кәсіби білім алуға тарту болып табылады.

 

Осыған орай аталмыш іс-шарада мансапқа бағытталған жұмысқа жауапты практикалық тілдер кафедрасының аға оқытушысы Раушан Тохтамова Талғар қаласының С. Сейфуллин атындағы №2 мектебінің (директор Райхан Укеева, сынып жетекшісі Шолпан Сапашева) және Ю.Гагарин атындағы №8 мектебінің (директор Гүлмарья Ошакбаева, сынып жетекшісі Эльмира Абдигалина) 11 сынып оқушыларын, аға оқытушы Сәуле Есімбек Алматы қаласының №148 мектеп-гимназиясының (директор Фатима Алиакпарова ) және №133 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушыларын (директор Тамара Зубкова ) шақырды.

 

11 сынып оқушыларына Абай атындағы ҚазҰПУ туралы ақпараттық парақшалар таратылды. Университеттің мұражайын аралап, университет тарихы туралы бейне-роликті тамашаланды, сонымен қатар филология және көптілді білім беру институтының басшылығымен танысып, университет басшылығы және үздік түлектермен әңгіме-сұхбат құруға мүмкіндік алды.

 

Мектептердің түлектері тарапынан ҰБТ мен КТ өткізу үлгілері, университетте дайындалатын мамандықтарға бөлінген гранттар, ағылшын тілінде білім алу мүмкіндіктері, әскери кафедрасында дайындықтан өту сынды көптеген сұрақтар қойылды. Профессор-оқытушылар құрамы барлық сұрақтарға жауап берді.

 

       

 

       

 

 

       




Кері оралу