қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2021

Түлек-2021: кәсіптік бағдар беру жұмысы

 

2021 жылы 26 сәуірде «Кәсіп - болашаққа бастар жол» кәсіби бағдар беру аясында Филология және көптілді білім беру инcтитуты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары Н.Р.Шенгелбаева, Қ.Т.Дүйсенова және А.Раеваның ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп директоры А.Қ.Алданов, Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу Аюлы ауылының орта мектеп директоры Г.Е.Мықышевамен кездесіп, аталған мектеп оқушыларына университетіміз туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, Филология және көптілді білім беру институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасында дайындалатын мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат беру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының орталығының директоры Н.Әуесбекұлы, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі К.А.Абдархманова, аталған кафедраның оқытушылары Ж.Елемесова, Э.Қансейітова, Г.Сәтбайдың, С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы С.Сыздықовтың қатысуымен ZOOM платформасында онлайн-конференция өткізді.

 

Жалпы білім беру мекемелерінің директорлары қатысқан бұл конференцияның ауқымы кең болды. Қатысушылар тарапынан шығыс тілдері туралы көптеген сұрақтар қойылып, кафедра меңгеушісі жан-жақты жауап берді. Жаңа оқу жылынан бастап кафедрада «Корей тілінің мұғалімі» мамандығын ашу жоспарланып отырғандығы айтылды. «Аударма ісі» мамандығы бойынша бітірген түлектерді еңбекпен қамтылуы туралы да сөз болды. Қазақ тілі мен әдебиетінен туындаған сұрақтарға С.Сыздықов жауап берді.

 

Қазақстанның екі өңірінен қатысып отырған мекеме басшылары Абай атындығы ҚазҰПУ-ға оқуға түсуге ниетті түлектердің жеткілікті екенін айтып, алынған ақпараттар бөлісуге тұрарлық екенін айтты.

 

Аталмыш шара кәсіби бағдар жұмысынының жандануына ықпалы зор болатындығына сенім білдіреміз.

 

 




Кері оралу