қазақша · русский · english
 
 
 
19.11.2018

«International Education Fair 2018» көрмесі

 

2018 жылдың 17 қарашасында Филология және көптілді білім беру институтының профессор-оқытушылар құрамы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, ҚР Білім және ғылым минстрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған Орталық Азиядағы ең ірі «International Education Fair ил самую крупную в Центральной Азии международную образовательную выставку «International Education Fair 2018-2019» халықаралық білім көрмесіне қатысты.


Көрмеге 100-ден астам отандық және АҚШ, Ұлыбритания, континенталды Еуропа мен Азия және ТМД сияқты шетел жоғары оқу орындары, тіл үйрету мектептері мен білім агенттіктері өз өнімдерін ұсынды.

 

Іс-шараның басты мақсаты - білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты арттыру, шетелде стипендиялық бағдарламалар арқылы білім алу мүмкіндіктері жайлы хабардар ету, сонымен қатар халықаралық білім жобаларын іске асыру бойынша тәжірибе алмасу.


«International Education Fair ил самую крупную в Центральной Азии международную образовательную выставку «International Education Fair 2018-2019» көрмесі аясында қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары мен білім агенттіктері арасында B2B-кездесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында институт басшылығы мен оқытушылары студент алмасу, білім беру бағдарламаларын дамыту, қазақстандық және шетелдік университеттер арасында қос диплом бағдарламалары бойынша өткізілген семинарларға қатысып, сертификаттар алды.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу