қазақша · русский · english
 
 
 
17.03.2023

Д.А.Қонаев мұражай-пәтеріне саяхат


2023 жылдың 15 наурызында Филология институтындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс 106 топ студенттері аға оқытушы Ерлан Касеновтың ұйымдастыруымен Алматы қаласында орналасқан Д.А.Қонаевтың мұражайына танымдық саяхат жасады.

 

1 курс студенттері Д.А.Қонаевтың жеке кітапханасымен және басшының алуан түрлі заттарын өз көздерімен көріп, жақынырақ танысты. Еліміздің ең танымал адамдарының бірінің мұражай-пәтеріне бару студенттер үшін өте маңызды оқиға болды және олар үшін отан тарихының көптеген беттерін ашты.

 

  alt=  




Кері оралу