қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2018

SMART NATION.KZ ғылыми марафонынан III дәрежелі дипломмен марапатталды

 

2018 жылдың 12 сәуір күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» 71-республикалық студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың ғылыми - тәжірибелік конференциясы аясындағы SMART NATION.KZ ғылыми марафоны өтті.


Аталған шараға университетіміздің Филология және көптілді білім беру институтының «5B012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенттері Шаттық Абдиева пен Ардақ Калиева қатысты.


Студент жастар «I PHIL. Филологиялық ғылымдар және әлемнің ұлттық бейнесі» секциясына қатысып, нәтижесінде Шаттық Абдиева өзекті тақырыпта шығармашыл баяндама жасағаны үшін III дәрежелі дипломмен марапатталды.


Студенттердің баяндамалары конференция аясындағы ғылыми марафон материалдарының жинағында жарық көрді.

 

       




Кері оралу