қазақша · русский · english
 
 
 
21.01.2021

Магистранттар мен докторанттарды аттестаттау

 

2021 жылдың 20 қаңтарында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында магистранттар мен докторанттар аттестациядан өтті. Магистранттар есеп беру презентацияларымен сөз сөйледі, кафедра мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, 2021 жылғы 18 қаңтар мен 21 наурыз аралығында өтетін ғылыми-зерттеу практикасына қатысу үшін нұсқаулар алды.

 

Докторанттар зерттеу барысы және диссертацияларының дайындық деңгейі туралы есеп берді.

 

Кафедрада осындай кездесулер үнемі өткізіліп тұрады. Олар магистранттар мен докторанттарға кафедраның қызметіне деген ықыласын сезінуге және ғылыми жұмыс пен оқу процесі туралы маңызды ақпаратты уақтылы алуға мүмкіндік береді.

 

   

 

   




Кері оралу