қазақша · русский · english
 
 
 
20.11.2019

Студенттердің, магистранттар мен докторанттардың 74-ші ғылыми конференциясы аяқталды

 

2019 жылдың 18 қарашасында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында жыл сайынғы ғылыми конференциясы өтті. Бес тақырыптық секцияның жұмысына кафедраның барлық мамандықтарының 60-қа жуық студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

 

«Абай поэзиясы және философиясы» бөліміндегі жас зерттеушілер ғылыми зерттеулерінің тақырыптары Абай шығармашылығының поэтикасын талдаумен және оның рухани-философиялық мұрасын талдаумен байланысты болды. Конференцияның тіл білімі мен әдебиеттану мәселелеріне арналған бөлімдеріндегі баяндамалар тақырыбы әр түрлі және болашақ әдебиет мұғалімдері үшін өзекті болды.

 

Үздік баяндамалардың авторлары мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу