қазақша · русский · english
 
 
 
19.02.2020

Ғылыми жоба: зерттеудің негізгі ережелерін тестілеу

 

2020 жылдың 10 - 17 ақпаны аралығында Филология және көптілді білім беру инcтитуты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің гранты бойынша «Қазақстанның көп тілді білім беру жағдайындағы болашақ пән мұғалімдерін тілдік оқытудың құзіреттілік-коммуникативті моделі» жобасы аясында өткізілген ғылыми зерттеулердің (2018 - 2020) негізгі ережелерін тестілеуге қатысты.

 

Филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлмира Қажығалиева, филология ғылымдарының докторы, профессор Бақытгүл Жұмағұлова және филология ғылымдарының кандидаты, доцент Алмагүл Маймакова Комрат мемлекеттік университетіне жіберілді (Молдавия, Гагаузия, Комрат), олар Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. «Ғылым, білім, мәдениет» пленарлық және секциялық отырыстарында баяндамалар жасады.

 

Қатысушылардың арасында көптеген алыс және жақын шет елдердің ғалымдары болған конференция аталған ғылыми жоба аясында авторлар тобы өткізген зерттеудің негізгі ережелерін сынаудың оңтайлы алаңына айналды.

 

   

 

   




Кері оралу