қазақша · русский · english
 
 
 
12.05.2021

1 курс магистранттарының курстық жұмыстарын қорғау

2021 жылдың 11 мамырында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында «7М01702 - Орыс тілі мен әдебиеті», «7М01705 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «7М02301 - Филология», «7М02304 - Лингвистика​» мамандықтары бойынша​ магистранттарының курстық жұмыстарын қорғау рәсімі өтті.

 

Үш секцияда өздерінің презентацияларымен 19 магистрант сөз сөйледі, олар өздерінің курстық жұмысының негізгі мазмұнын баяндап, өз баяндамалары бойынша сұрақтарға жауап берді.

 

Магистранттардың ғылыми жетекшілері жаңадан бастаған зерттеушілердің жұмысында жағымды қасиеттерді атап өтті: тақырыпқа деген құштарлық, еңбексүйгіштік және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білу.

 

Бірінші курс студенттеріне курстық жобаны қорғауда алынған тәжірибесі, олардың әрі қарай​ ғылыми жұмысында пайдалы болады.

 

   

 

   




Кері оралу