қазақша · русский · english
 
 
 
09.02.2021

Мектеп пен университет арасындағы сабақтастық


2021 жылдың 8 ақпанында Филология және көптілді білім беру инстиутының директоры Алуа Таңжарықова мен шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Гүлсім Абдрахманова Алматы қаласындағы Aisaf Almaty гимназиясының директоры Айша Ахметова және Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс ауылының Айсаф жеке қыздар мектебі директоры Маржан Абдрахимовалармен кездесті. Кездесу шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Э.Ж.Қансейтованың ұйымдастыруымен өтті.


Кездесу барысында араб және басқа да шығыс тілдері пәні мұғалімдерімен сұхбаттасып, екіжақты келісім-шартқа қол қойылды. Келісім-шарттың мақсаты - Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы мен Aisaf Almaty гимназиясында оқытылып жатқан шығыс тілдері (араб, түрік, қытай) мамандары арасында тәжірибелік және ғылыми-әдістемелік байланыс орнату, екіжақты немесе көпжақты кәсіби және мәдени іс-шараларды қолдау, білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Кездесуде қолға алынған бастамалар Алматы қаласындағы Aisaf Almaty гимназиясы мен Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс ауылының Айсаф жеке қыздар мектебімен жалғасын тауып, мұндай білім беру орындарымен іскерлік, тәжірибелік және мамандырылған байланыстардың маңыздылығын тағы бір көрсетті. Кездесу аясында өткізілген іс-шара кафедра деңгейінде осындай екіжақты байланыстардың жүйелі жолға қойылғандығын тағы да көрсетті.

 

   

 

   




Кері оралу