қазақша · русский · english
 
 
 
26.04.2021

«Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс ВВО, 3 курс ССО қазақ топтарының дипломдық жоба жұмысы бойынша алдын ала қорғауы

 

2021 жылғы 23 сәуірде Филология және көптілді білім беру инcтитуты шетел тілдері кафедрасыда «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы 2 курс ВВО, 3 курс ССО қазақ топтарына дипломдық жоба жұмысы бойынша алдын ала қорғау өткізілді. Комиссия мүшелері құрамында Г.Р.Нурекешова, Г.А.Сатылханова, С.Есенаман болды. Алдын ала қорғау кезінде студенттерге басты талаптар қойылды: дипломдық жоба жұмысының құрылымын, зерттеудің өзектілігін, мақсат-міндеттерін, мазмұнын, күтілетін нәтижелерін нақтылап, жоба бойынша жұмыс кезеңдерін дұрыс анықтау, зерттеу жұмысының жоспарын дұрыс құрастыру, зерттеу әдістері, оның негізгі ерекшеліктерін айқындау: өзін-өзі талдау, оқу-ғылыми әдебиеттерді зерттеу, интернет желісіндегі ақпарат көздерін зерттеу, адамдармен әңгімелесу, бақылау, эксперимент жүргізу.

 

Студенттер дипломдық жобаларын презентациялап, алдын ала қорғаудан өтті. Тақырыптары бойынша комиссия мүшелері тарапынан тиісті бағыт-бағдар берілді.

 

   

 

   




Кері оралу