қазақша · русский · english
 
 
 
17.11.2022

ОӘБ кеңейтілген отырысының жұмысына қатысу


2022 жылғы 5-16 қарашада «6В017 - Тілдер және әдебиеттер бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру», «6В023- Тілдер және әдебиет (аударма ісі және шетел филологиясы)» ББ бағыттары тобы бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген отырысы өтті.


Жиынға ОӘБ мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұмабекова Айгүл қатысты. Жиын барысында микробіліктілікті дамыту қағидаттары талқыланды, шет тілінде білім беру, ағылшын тілінде сөйлейтін шетелдіктердің баяндамалары тыңдалды: Конин университетінен проф. Левандовска-Томасчик Барбара (Польша) - «Шет тілдер университетінің студенттерімен цифрлық зерттеудегі тіларалық және мәдениетаралық құзыреттерді дамыту», Ирландияның Ұлттық университетінен проф. Лаура Маклофлин Сусанна, доктор Сюзанна Нокчи (Ирландия) - «Кәсіби тілдерді оқытудағы мәдениетаралық және көптілділік мәселелері» және «Шетел тілінде білім берудегі модульдік кәсіптік білім беру бағдарламаларының мультипликативтілігі және мазмұнды мамандануы» тақырыптарында шеберлік сыныптары өткізілді.


Оқу-әдістемелік бірлестіктің кеңейтілген отырысы жоғарыда аталған мамандықтардың оқытушылары үшін жемісті және пайдалы болды.

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу