қазақша · русский · english
 
 
 
13.07.2022

2022 жылғы оқу бітірушілер - біздің мақтанышымыз!

 

2022 жылдың 12 шілдесінде Филология институтының түлектеріне салтанатты түрде диплом табыс етілді.


Институт директоры А.В.Танжарықова, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі С Ж.Әбішева, эдвайзерлер А.Т.Оңғарбаева, Г.Ж.Байшукурова, Б.С.Жұмағұлова, кафедра мүшесі М.Е.Төлеубаева құттықтау сөз сөйледі. Біздің түлектеріміздің ата-аналары да алғыстарын білдірді.


Әдемі мантия киген біздің түлектеріміз дипломдарды ерекше ықыласпен қабылдады. Оқу барысында олар Қазақстанның ежелгі жоғары оқу орындарының бірінің атмосферасына еніп, университетімізден белгілі ғалымдар, жазушылар, ақындар, журналистер, еңбек сіңірген мұғалімдер өмірге жолдама алды.


Біздің студенттер кафедра мүшелерінің ғана емес, сонымен қатар шақырылған шетелдік ғалымдардың да дәрістерін тыңдады, көптеген студенттер Польшаға семестрлік оқуға барды, магистранттар Түркияның үздік университеттерінде қосымша тағылымдамадан өтті.


Біздің түлектер шығармашылық тұлға ретінде өздеріне деген жақсы қарым-қатынасты, әркімге деген қызығушылықты сезінді және осындай көзқарасты өздерінің кәсіби қызметінде де жүзеге асыра алады деп үміттенеміз.


Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушылары әрбір түлектің жоғары кәсіби дайындығына және олардың өз білім деңгейін үнемі көтергісі келетіндігіне сенімді.


Біз сіздерді магистратура мен докторантурада күтеміз! Сізге сәттуі ақ жол!

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу