қазақша · русский · english
 
 
 
18.04.2016
2016 жылы 11-13 сәуір аралығында 5В011300-Биология мамандығы бойынша Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтында өткен Биология пәнінен Республикалық студенттік олимпиадада Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Алатау» командасы жүлдегер болып танылды. Жалпы командалық есеп бойынша 3 орын иеленді. Команда мүшелерін Шақарбек Асем, Әбділда Асем, Бостанова Анар, ғылыми жетекшісі б.ғ.к., доцент Мусаев Қуандық Лебекұлын жеңістерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

03.03.2016
2016 жылдың 25 ақпанында «Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» шеңберінде «Мектеп оқушыларының көру және есту қабілеттерінің бұзылуы» тақырыбында ашық семинар өтті.Семинар «ҚР педагог қызметкерлерінің деңгейлік біліктіліктілігін арттыру бағдарламасына негізделіп құрылған педагог кадрлардың дайындығын жүзеге асыратын студенттер мен жоо түлектеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасын» зерттеу кезінде меңгергенілген технологиялармен өткізілді.