қазақша · русский · english
 
 
 
26.11.2020

Прокторингтік жүйе арқылы онлайн емтихан өткізу

 

2020 жылдың 25 қарашасы Жаратылыстану және география институтында ZOOM платформасы арқылы прокторингтік жүйенің онлайн емтихандарын өткізу бойынша кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 1 курстың эдвайзерлері мен студенттері, студенттік кеңестің төрайымы Сымбат Саяқбаева мен мүшелері, белсенді студенттер және институттың тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі жетекшісі Нұрлан Манапов қатысты. Студенттерге емтихан тәртібі мен ережелері таныстырылды. Прокторингтік жүйені Тестілеу орталығының басшысы Даража Исабаева түсіндіріп өтті. Бұл кездесуде студенттер Жаратылыстану және география институтының директоры Куляш Каймулдиноваға көкей кесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Қорытындылай келе Даража Исабаева емтихан уақытына дейін жүйеге әлі де өзгерістер енгізілетінін және телефонға жүктеуге қосымша мүмкіндіктер жасалатыннын хабарлады.

 

Институттың арнайы инстаграм парақшасында тікелей эфирге шығарған парақшаның редакторы Аделина Ибрашова.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу