қазақша · русский · english
 
 
 
 Алиаскаров Думан Тоқтарұлы
Кафедра меңгерушісі
Аға оқытушы, PhD доктор
Қазыбек би көшесі, 30
 8-705-666-53-01
duman_06@mail.ru

 

«География және экология» кафедрасының негізгі қызметі географиялық білім және ғылым, туризм және қонақжайлылық саласындағы білім беру қызметтері нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған.

 

Кафедра сабақтарының негізгі циклі физикалық және экономикалық география, базалық және мамандандырылған туризм пәндері бойынша теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы аталған «5В011600 - География», «5В060900 - География», «5В090200 - Туризм», «5В060800 - Экология» мамандықтарының студенттерімен, «6М011600 - География», «6М060900 - География» магистранттарымен және «6Д011600 - География», «6Д060900 - География» докторанттармен ғылыми, оқу-тәрбиелік және қоғамдық жұмыстар жүргізеді.

 

Кафедраның ПОҚ 31 оқытушыдан тұрады, оның ішінде 5 - география ғылымдарының докторлары, 14 - география, туризм және педагогика саласындағы ғылым кандидаттары мен доценттері, 3 - доценттер, 7 - география магистрлері және 2 - туризм магистрлері. Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежесі және атағы барларының үлесі - 65,5%. Орташа жас-52.

 

Кафедрада «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының төрт жеңімпазы - Б.Ш.Әбдіманапов, К.Д.Каймулдинова, К.Ш.Бакирова және Д.Б.Джусупова жұмыс істейді.

 

Оқу-әдістемелік жұмыс. Кафедраның ПОҚ Қазақстанның жоғары оқу орындары мен жалпы білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау бойынша үлкен жұмыс жүргізеді. А. С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С. А. Әбілмажинова, Б. Ш. Әбдіманапов орта білім берудің жаңартылған мазмұны бағдарламасы бойынша жаңа буын оқулықтарының авторлары болып табылады.


Мекенжайы: 050010. Алматы қ, Қазбек би көшесі, 30. 1 БОҒ, 617 кабинет.