қазақша · русский · english
 
 
 

 

Жаратылыстану және география институты ғылыми зерттеу бағыттарын жасыл экономика принциптері мен тұрақты даму мақсаттарында белгіленген мәселелер аясында дамытуда. Химия, биология, география және экология саласындағы іргелі зерттеулерді дамытудан бөлек, институт ғалымдары білім беру бағдарламалары мен тәжірибелерін тұрақты даму принциптері негізінде интеграциялауға негізделіп, оқыту әдістемесі бойынша инновациялық тәсілдер мен әдістемелерді зерттейді және әзірлейді.

 

Институттың негізгі ғылыми бағыттары:

- Үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету;

- Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу;

- Қалалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

- Климаттың өзгеруі мен оның салдарларына қарсы шараларды ұйымдастыру;

- Тұрақты экономикалық өсуге, толық жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

- Салауатты өмір салтын насихаттау;

- Құрлық экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, шөлейттенуге, жердің тозуына қарсы күрес, биологиялық әртүрлілікті жоғалту үдерісін тоқтату мәселелері.

 

Қазіргі уақытта институтта 11 ғылым докторы, 47 ғылым кандидаты, 16 PhD докторы жұмыс жасайды.

 

Соңғы 3 жылда оқытушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 23 оқулық, 51 оқу, оқу-әдістемелік құрал, 8 монография қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындап шығарды. Соңғы 3 жылда импакт - факторлары бар журналдарда (Thomson Reuters, Scopus) 123 мақала, ҒЖБМ ұсынған журналдарда 143 мақала жарияланып шығарылды.

 

2020 жылдан бастап Жаратылыстану және география институтының ғалымдары  Окаяма университетімен (Жапония) 1 халықаралық жоба, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын 8 жоба және Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры қаржыландыратын 6 жоба бойынша жұмыс жасайды.

 

Жаратылыстану және география институтының халықаралық жобалары


Жетекшінің

аты-жөні, тегі

қызметі, лауазымы

Жобаның атауы


Зерттеу тобы

1

Каймулдинова Куляш Дуйсенбаевна, г.ғ.д., профессор

 

 «Тұрақты даму үшін білім берудің азиялық орталықтары арасындағы ынтымақтастық арқылы климаттың өзгеруі бойынша мұғалімдердің білімін ілгерілету» ( «Promoting Teacher Education for Climate Change Education through Collaboration between Asian Centres of Excellence on Education for Sustainable Development»)

(Окаяма Университеті, Жапония)

1.Абдиманапов Б.Ш.

2.Муздыбаева К.К.

3.Шакирова Н.Д.

4.Алиаскаров Д.Т.

5.Аманбаева М.Б.

6.Жумагулова Қ.А. 

 

ҚР ЖБжҒ қаржыландыратын Жаратылыстану және география институтының жобалары

 

Жетекшінің

аты-жөні, тегі

қызметі, лауазымы


Қазақ тіліндегі жоба тақырыбы

Зерттеу тобы

1  

Алиаскаров Думан Токтарұлы

PhD, аға оқытушы

 

ЖТН AP14870750

Жамбыл облысының шағын қалаларын тұрақты дамытудың тиімді үлгілерінің концептуалды негізін жасау

(2022-2024 жж.)

1.Каймулдинова К.Д.

2.Лайсханов Ш.У.

3.Муздыбаева К.К.

4.Усенов Н.Е.

5.Райымбекова И.

6.Искакова Р.

7.Баканов Н.Г.

8.Салимжанов Н.О.

2     

Лайсханов Шахислам PhD, аға оқытушы

 

 

ЖТН AP09260017 «Отырар ауданындағы топырақтардың тұздылығының жүгерінің өсіп-өнуіне әсерін зерттеу және дақылдың өнімділігін болжаудың ғарыштық әдісін әзірлеу»

(2021-2023 жж.)

1.Каймулдинова К.Д.

2.Алиаскаров Д.Т.

3.Усенов Н.Е.

4.Мырзалы Н.

5.Абикбаев Е.

3   

Усенов Нурбол Ергешович, PhD, аға оқытушы

 

 

ЖТН №АP13067931 «Жаңартылған мазмұндағы географияны оқытуда сандық геоақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік негіздерін жасау (жоғарғы сыныптардың мысалында)» (2022-2024 жж.)

1.Лайсханов Ш.У.

2.Алиаскаров Д.Т.

3.Мырзалы Н.Б.

4.Абикбаев Е.Р.

5.Исаков Е.Д.

6.Таукебаев О.Ж.

7.Күлмұханова Д.Р.

4    

Шакирова Нуржанат Далеловна,

PhD, аға оқытушы

 

ЖТН AP14871476

«География мұғалімдерін даярлау мен қайта даярлауда тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру»

(2022-2024 жж.)

1.Каймулдинова К.Д.

2.Абдиманапов Б.Ш.

3.Муздыбаева К.К.

4.Алиаскаров Д.Т.

5.Усенов Н.Е.

6.Баканов Н.Г.

5    

Майматаева Асия Дуйсенгалиевна,

PhD, аға оқытушы

 

ЖТН AR14872059

«PISA зерттеулеріне сәйкес оқушылардың функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері»

(2022-2024 жж.)

1.Карбаева Ш.Ш.

2.Жумагулова К.А.

3.Мукатаева Ж.С.

4.Аманбаева М.

5.Хоргасбай Е.

6.Галымова Н.

6  

Бейкитова Альбина Нурахмятовна,

аға оқытушы, магистр

 

ЖТН АР 15473403

Болашақ география пәні мұғалімдерінің картографиялық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемелік негіздері (2022-2024 жж.)

Каймулдинова К.Д.

Ғылыми кеңесші

7   

Сейлхан Айнур Сейлханкызы,

PhD, аға оқытушы

 

ЖТН AP19178093

Қазақстандық жоғары оқу орындарына жасыл университет концецпиясын енгізудің механизмдерін зерттеу

(2023-2025 жж.)

Карбаева Ш.Ш.

Ғылыми кеңесші

8   

Тілеуберді Ербол, PhD., қауымдастырылған профессор

 

ЖТН № AP19175900

Жанғыш пайдалы қазбалардан сұйық отын алу және осы процес қалдықтарын қайта пайдалану (2023-2025 жж.)

Frank Behrendt (Германия)

Ғылыми кеңесші

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры қаржыландыратын Жаратылыстану және география институтының жобалары

 

Жетекшінің

аты жөні, тегі,

ғылыми атағы, қызметі

Қазақ тіліндегі жоба тақырыбы

Зерттеу тобы

1

Исаков Е.

 

Болашақ география мұғалімдерінің туристік-өлкетану құзыретін қалыптастырудың құрылымдық моделін жасау арқылы өлкетану іс-әрекетін ұйымдастыру

(Абай атындағы ҚазҰПУ 2022 ж.)

1. Лайсханов Ш.У.

2. Усенов Н.Е.

2

Хоргасбай Енлик,

аға оқытушы, магистр

 

Қазақстанның ауыл шаруашылығының даму тенденциялары географияны оқытудағы әдістемелік негіздер

(Абай атындағы ҚазҰПУ 2022 ж.)

 

3

Хоргасбай Енлик,

аға оқытушы, магистр

 

 

Білім алушылардың жаратылыстану мамандығына кәсіби бағдарлануының ғылыми-әдістемелік негіздері

(Абай атындағы ҚазҰПУ 2023 ж.)

 

4

Аманбаева М.Б.

PhD, аға оқытушы

 

Метагеномика жаңа ықтимал қауіпті микроорганизмдер мен вирустарды анықтау және молекулалық-генетикалық сипаттау құралы ретінде (Абай атындағы ҚазҰПУ, 2021 ж.)

докторант Анаркулова Э.И.

 

докторант Имангазы А.С.

5

Аманбаева М.Б.

PhD, аға оқытушы

 

Іле-Балқаш аймағы жағдайындағы фаунаның биоалуантүрлілігін зерттеу нәтижесін тұрақты даму мүддесінде оқу үдерісіне кіріктірудің әдістемелік негіздері (Абай атындағы ҚазҰПУ 2023 ж.)

Майматаева А.Д.

6

Альмеш Д.

 

"Термодинамикаға кіріспе", "Кинетика", "химиялық тепе-теңдік" бөлімдерін, ҚР білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша мамандандырылған мектептерді зерделеуге арналған әдістемелік ұсынымдар"

(Абай атындағы ҚазҰПУ, 2022 ж.)

Сулейменова М.Т.

 

Бүгінгі таңда Жаратылыстану және география институты келесі ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастықты жалғастыруда:

- Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы;
- Металлургия және байыту институты;
- Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы;
- А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты;
- Жану проблемалары институты;
- "GreenTech"жасыл химиялық технологиялар институты;
- Ботаника және фитоинтродукция институты;
- География және су қауіпсіздігі институты;
- Д.В.Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институты;
- Зоология институты (ӨМК- ШЖҚ);
- "Қазгидромет" ӨМК;
- "Антиген" ғылыми-өндірістік кәсіпорны және т. б.

 

Институтта бағыттар бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін қорғау және тағайындау бойынша Диссертациялық кеңестер жұмыс істейді:

1. 8D015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау (6D011300 / 8D01513-Биология), 8D051-Биологиялық және сабақтас ғылымдар (6D060700 / 8D05101-Биология);

2. 8D015-Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау (6D011400 / 8D01515 - География), 8D052 - Қоршаған орта

(6D060900/8D05203 - География);

3. 8D015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау (6D011200 / 8D01510 - Химия).

 

 

 

 

 

2395