қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2021

«Талапкер-2021» түлектеріне арналған ашық есік күні

 

2021 жылдың 2 сәуір күні Жаратылыстану және география институтында мектеп бітіруші түлектерге арналған «Талапкер-2021» онлайн Ашық есік күні ұйымдастырылды.

 

Ұйымдастырушылар - «Маркетинг» бөлімінің жауапты тұлғалары, «Мансапты дамыту» бөлімінің жетекшісі Сәуле Джамилова, «Мансапты дамыту» бөлімінің менеджері Гүлжанат Камиева және институт оқытушылары: доцент Гүлнарай Сабденалиева, аға оқытушы Гүлім Жандосова.

 

Қатысушылар - Талғар ауданындағы №40 және Ә.Марғұлан атындағы, Қарасай ауданы Байжанов атындағы, Іле ауданындағы №8, №47, №48, Есік қаласындағы Р.Тоқатаев атындағы және Тараз қаласындағы №56 орта мектептерінің бітіруші 11-сынып оқушылары.

 

«Абитуриент-2021» ашық есік күнінде «Маркетинг» бөлімінің жетекшісі Альбина Бейкитова «Жаратылыстану және география» институтының жетістіктері, білім беру бағдарламаларындағы бейіндік пәндер туралы, «Кәсіптік бағдар беру» жұмыстарының жетекшісі Жанар Жаксибаева оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ң жеңілдіктері туралы, «Маркетинг» бөлімінің жауапты тұлғасы Ерлан Бірталаев шығармашылық емтихандар пен әскери кафедраға түсуге қатысты ақпараттар беріп өтті. Аталған іс-шарада 3 курс PhD докторанты Сағындық Нұрсұлтан «Химия» пәнін таңдаған оқушыларға ҰБТ-де келетін тапсырмаларды шығарудың жолдары бағытында мастер-класс көрсетті. Оқытушы Абзеров Нұржан «География» пәнінен ҰБТ-де келетін контекстілік тапсырмаларды қалай орындау жөнінде әдістемелік нұсқаулар айтты. Вебинарда оқушылар университет, бейіндік пәндер, шекті балл, мамандықтар туралы біраз сұрақтар қойып, толықтай жауаптарын алды.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу