қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2022

«Химия әлеміне саяхат» тақырыбында сыныптан тыс кеш өтті


2022 жылғы 13 сәуірде «6В01512-Химия-Биология» мамандығының 3 курс студенттері Көңілтай Гүлдана, Әзімханова Қарлығаш, Мұханбетова Ақеркенің ұйымдастыруымен 8-9 сыныптар арасында «Химия әлеміне саяхат» тақырыбында сыныптан тыс химия кеші жарыс түрінде ұйымдастырылды. Сайыс: Топты таныстыру, Кім тапқыр?, «Химия тұрмыста» химиялық жарнама, Кім тез, кім жылдам?, Химиялық вальс, Жұмбақтар әлемі, Топ басшылар сайысы, Химиялық тілде құттықтау сынды 8 кезеңнен тұрды. Кешке оқушылар мен мектеп ұжымы, Жаратылыстану және география институты, «Химия» білім беру бағдарламасының оқытушысы, студенттердің педагог-әдіскері Маржан Ахтаева қатысты.


Кеште практиканттар сайысқа қатысушыларды «Атом», «Молекула» және «Ядро» топтарына бөле отырып, топтарға сұрақтар қойып, ойындар ойнатты сонымен қатар оқушыларға қызықты тәжірибелер көрсетті. Кеш соңында сайысқа қатысушылар жүлделі орындармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды және естелік суретке түсті.

 

   

 

   




Кері оралу