қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2019

«Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың өзекті мәселелері»

вебинары (онлайн-семинар)

 

2019 жылдың 9 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесе отырып «Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында вебинар (онлайн-семинар) өткізді.

 

Вебинар барысында келесі профессор-оқытушылар баяндама жасады: «Химия» кафедрасының меңгерушісі х.ғ.к., қауым. профессор Жазира Мұқатаева, институт директорының халықаралық қатынастар және ғылыми істер жөніндегі орынбасары, п.ғ.к., доцент Қалампыр Жұмағұлова, институттың оқу-әдістемелік Кеңесінің төрайымы, п.ғ.к., доцент Шолпан Карбаева, «Химия» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Зульфия Өнербаева және Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Химия, биология және география кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Карлығаш Коразбекова,Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары: PhD докторы Ақбөпе Ермекбаева, оқытушы, магистр Әйгерім Нүркенова.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу