қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2021

4-курс студенттерінің өндірістік практикасы бойынша қорытынды онлайн-конференция


2021 жылдың 15 сәуірі күні Жаратылыстану және география институтының 4 курс ғылыми бағыттағы мамандықтарының өндірістік практикасының онлайн-конференциясы өткізілді. Іс-шара Zoom платформасында өтті.


Онлайн-конференцияға қатысқандар: практика базаларының қызметкерлері, институттың мансапты дамыту бөлімінің мүшелері, практика жетекшілері және 4 курс студенттері.


Конференцияны институттың практикаға жауапты тұлғасы Гүлжанат Қамиева ұйымдастырып жүргізді. Конференцияда «А.Б.Бектуров атындағы химия ғылыми-зерттеу институтының» бас ғылыми қызметкері Талдыбек Джумадилов, ҚР БҒМ «Зоология ғылыми-зерттеу институты» директорының орынбасары Марина Чирикова, Алматы қаласындағы «Қазгидромет» РМК филиалының химиялық-аналитикалық зерттеулер бөлімінің бастығы Жанар Махметова, «Генетика және физиология ғылыми-зерттеу» институтының аға ғылыми қызметкері Серикбай Нуралиев сөз сөйледі.


Студенттер ҚР Ғылыми-зерттеу институттарында, «Қазгидромет» филиалдарында, туристік агенттіктер мен мейрамханаларда тәжірибеден өтті. Теориялық білімді практикада жүзеге асыруға бағытталған практика барысында студенттер практикалық дағдылар мен құзыреттіліктерге ие болды. Конференцияда студенттердің есептерін талқылау барысында олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында үлкен тәжірибе жинақтағаны атап өтілді.

 

  

 

  

 




Кері оралу