қазақша · русский · english
 
 
 
14.04.2022

Ғылым онкүндігі аясындағы ашық дәріс


Абай атындағы ҚазҰПУ-де өткен Ғылым онкүндігі аясында 2022 жылдың 13 сәуірінде Жаратылыстану және география институтында «География, қоршаған орта және қызмет көрсету» білім беру бағдарламасының профессоры, география ғылымдарының кандидаты Сарқытқан Қастер «Қаржылық сауаттылық және бизнестегі құзыреттілік» тақырыбында дәріс өткізді.

 

Кездесуге білім беру бағдарламасының оқытушылары Б.Ш. Әбдіманапов, С.Әбілмәжінова, Қ.М. Омаров, Д.Т. Әлиасқаров, Д.М. Боранқұлова, Қ.Қ. Мұздыбаева, Р.Қалдыбекова, Г.О. Жандосов, сонымен қатар 2 курс студенттері қатысты.

 

Жиын аясында Сарқытқан Қастердің жуырда ғана жарық көрген «Қазақша бизнес (қазақ, ақша және бизнес)» кітабының тұсаукесері өтті. Кездесу өте тартысты және қызықты өтті. Мұғалімдер мен студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға толық жауап берілді.

 

   

 

   




Кері оралу