қазақша · русский · english
 
 
 
07.02.2022

Мектеп мұғалімдеріне кәсіби бағыт-бағдар беру іс-шаралары

 

2022 жылдың 4-5 ақпан күндері Түркістан облысы, Ленгір ауданының «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында мектеп мұғалімдеріне кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында Жаратылыстану және география институтының маркетинг бөлімінің жауапты тұлғасы Ерлан Бірталаевпен кездесу өткізілді. Іс-шараға «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының басшылығы, мектеп мұғалімдері мен жас мамандар қатысты.

 

Кездесудің мақсаты - мектеп мұғалімдеріне магистратура мен докторантураға тапсыру ережелері мен қабылдау талаптарымен таныстыру, кеңес беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Жаратылыстану және география институтында «Жаңартылған білім беру мазмұны» бойынша ұйымдастырылған химия, биология және география мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстарына қатысуға шақыру.

 

Кездесу барысында университет туралы толық ақпараты бар брошюралар ұсынылды. Іс-шара барлық тараптардың белсенді қатысуымен пікірталас форматында өтті.

 

   

 

   




Кері оралу