қазақша · русский · english
 
 
 
14.04.2022

«Дәуірдің ұлы тұлғасы - М.Әуезов!» әдеби-танымдық кеш


Биыл заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңына айналған Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толды. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институты «Химия» білім беру бағдарламаларының аға оқытушысы, топ эдвайзері Арайлым Өтемісова «Химия» мамандығы 1 курс студенттерімен М.О.Әуезовтың 125 жылдығына арналған «Дәуірдің ұлы тұлғасы - М.Әуезов!» тақырыбында әдеби-танымдық кеш өткізді.

 

Мақсаты - М.О.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, жазушының артында қалған мол мұрасын зерделеп, студенттерді ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, сонымен қатар біздің кітапханамыздың қорындағы жазушы туралы барлық әдебиеттерді ұсыну.

 

2-топтың эдвайзері, аға оқытушы Арайлым Өтемісованың жетекшілігімен студенттер қызықты іс-шара дайындады. М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгіме көрнекі презентациямен сүйемелденді, повестеріне көрініс қойылды. Студенттер жазушыға арнау өлеңдерін оқыды. Кеште викторина және танымдық кроссворд сұрақтары интерактивті сипат берді.

 

Сонымен қатар, Абай университетінің Ғылыми кітапхана қызметкерлері: Құдабаева Әнипа және Атежанова Сәуле атсалысып, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

   

 

   




Кері оралу