қазақша · русский · english
 
 
 
20.01.2021

Ғылыми-зерттеу практикасын өткізу бойынша онлайн-конференция

 

2021 жылдың 19 қаңтарында «Химия», «Биология», «География» мамандықтарының ғылыми-педагогикалық және ғылыми бағыттағы 2 курс магистранттары үшін ғылыми-зерттеу практикасын өткізу бойынша онлайн-конференция өтті. Конференцияны Жаратылыстану және география институтының мансапты дамыту бөлімінің мүшелері Сәуле Джамилова, Гаухар Абдрикаримова, Гүлжанат Камиева ұйымдастырды. Кездесуге магистранттардың ғылыми жетекшілері қатысты. Магистранттар іс-тәжірибеден өту барысы және құжаттарды ресімдеу туралы ақпарат алды. Онлайн-кездесу барысында магистранттар маңызды және пайдалы ақпарат алды.

 

   




Кері оралу