қазақша · русский · english
 
 
 
22.02.2017

   2017 жылы 21 ақпанда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтында №1 оқу ғимаратының  224  аудиториясында педагогика  ғылымдарының докторы, профессор Джанабаева Рая Айтбаевнаның және студенттік кеңес мүшелерінің жетекшілігімен 2 курс химия мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен   поэзия алыбы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған  «Мұқағали-мәңгілік жырым» атты  мерекелік кеш болып өтті.

      Кеш барысында ақиық ақынның  өмірбаяны туралы бейнежазба тамашаланып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы,  «Махаббат диалогы» және де ақынның көз тірісінде  ауруханада жатқандағы  өлеңдері кез кезегімен  қойылып, көрініс ретінде қойылды. Сонымен қатар, шара барысында мұзбалақ ақынның сөзіне жазылған өлеңдер айтылып, ақынға арнаулар оқылды. Кешке  жиналған  қонақтар, ұстаздар, студенттер  өлең құдіретін сезініп, әсерлі күй кешіп, ақынның өлеңдерімен сусындап,  шабыт алып, рухани азық алып қайтты. Кеш соңында сөз кезегі  институт директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Манапов Нұрлан Тұрсынбекұлы алып, Алматы қаласының университет аралық баскетболдан қыздар арасындағы жарыстан біздің университетіміздің жүлделі 3 орын алуымен құттықтап, университет құрамына институтымыздың атынан қатысқан  1 курс студенттері Зиягүл, Айжан, Аяулым сынды спорт сүйер қыздарымызды салтанатты түрде марапаттап, медальдарын табыс етті. Қорытынды сөзді  анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі  медицина ғылымдарының докторы, профессор Балғынбеков Шамшидин Абдуллаевич алып, студентерге өз тілегін, лебізін білдіріп, алғысын жеткізді.

 




Кері оралу