қазақша · русский · english
 
 
 
04.11.2021

Жаратылыстану және география институтының Мансапты дамыту бөлімі «Эволюция концепциясы» тақырыбында семинар ұйымдастырды

 

2021 жылдың 2 қарашасында Жаратылыстану және география институтының Мансапты дамыту бөлімі Туркия мемлекетінің Нигде университетінің профессоры Тунсай Туркештің қатысуымен «Эволюция концепциясы» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Халықаралық деңгейдегі семинарға бөлім мүшелері, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар, докторанттар қатысты. Ұйымдастырушылар - 2-ші курс докторанттары Әсем Әбілтаева мен Бексултан Каплан.

 

Туркеш Тунсай қазіргі уақытта эволюцияның әртүрлі тұжырымдамалары туралы толыққанды ақпарат берді. Сонымен қатар, өз елінің әртүрлі бөліктеріндегі эволюция тұжырымдамасын зерттеу саласындағы зерттеулерімен бөлісті.

 

Семинар соңында қатысушылар спикерлерден өз сұрақтарына жауап алып, адамзаттың дамуы мен жалпы эволюция туралы ойларымен бөлісті. Семинар жоғары деңгейде өтті, мұндай сабақтарды мүмкіндігінше жиі өткізуге тілек білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу