қазақша · русский · english
 
 
 
17.04.2020

«Абай-дана, Абай-дара қазақта» онлайн-эстафетаның жабылу кеші

 

2020 жылдың 16 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Жаратылыстану және география институтында ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай-дана, Абай-дара қазақта» онлайн-эстафетаның жабылу кеші өтті.

 

Онлайн-эстафетаны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов және студенттік өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастырды.

 

Іс-шараның ашылуында кіріспе сөзді университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жанатбек Ішпекбаев, Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмаділ Шілдебаев сөйледі. Іс-шара қонақтары - Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті директорының орынбасары Қазына Бекбенбетова, институт директорының ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Қалампыр Жұмағұлова, оқу ісі жөніндегі орынбасары Лязат Демеуова, химия кафедрасының меңгерушісі Жазира Мұқатаева, биология кафедрасының меңгерушісі Мұрат Жақсыбаев, география,экология және туризм кафедрасының меңгерушісі Жанна Тилекова және институттың профессор-оқытушылар құрамы.

 

Онлайн іс-шараға география, экология және туризм кафедрасының доценті Қастер Сарқытхан, биология кафедрасының аға оқытушысы Қуандық Мусаев, биология кафедрасының аға оқытушылары Раушан Джунусова мен Рита Саимова, химия кафедрасының доценті Зульфия Өнербаева, биология кафедрасының оқытушылары Серік Бакиров пен Анар Иманғазы, Шыңғыс Улдахан және институттың 1-4 курс студенттері қатысты.

 

Эстафета Абай мұрасының өз маңызын жоғалтпағандығын, керісінше, Абай өлеңдері жаңаша бағытта жаңғырғандығын көрсетіп, студенттер мен оқытушылар арасында үлкен толғаныс орнатты.

 

Шара соңында Нұрлан Манапов барлық қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдірді.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу